Исландиядағы Бардарбунга жанартауы оянды
19:08, 29 Тамыз 2014
Исландиядағы Бардарбунга мұзасты жанартауы оянып, Холухрейн үстіртіндегі магма жер бетіне шықты, деп хабарлады Reuters агенттігі.
Жанартаудың атқылуы жергілікті уақытпен сағат 00:02 басталып, сағат 02:40 белсенділігі төмендеген.
Исландияның Метеорологиялық қызметі оның қауіптілік деңгейін өте жоғары деп жариялады.