Тіс Кастальядағы қазба жұмыстары кезінде табылды.Зерттеушілердің есептеулері бойынша жануардың ұзындығы 15 метр шамасында.
Бұл олжа ежелгі заманда Коста Бланка жағалауынан 60 шақырым қашықтықтағы қазіргі Кастальяның орнында Жерорта теңізі болған деген болжамды растайды.
Прогнадондар динозаврлар дәуірінде өмір сүрген. Ғалымдардың пікірінше, олар терең сүңги алатын, жыртқыштар тобына жатпайтын теңіз жануарлары, деп хабарлайды Росбалт.
Сәуір айында бұл құнды олжа жергілікті зерттеу институтының экспонатына айналады.