Испандық команданың қақпашысы 80 метр қашықтықтан жеңіс голын соқты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Посуэло Аларкон» клубының голпикері Сальвадор Санчес де Лопе (Сальва) өз қақпасынан гол соқты.

Видео youtube.com-да жарияланған.

Сальва   өз командасына «Вильянуэво-дель-Пардильоға» (1:0) қарсы ойында жеңіс  сыйлады.

   Ол 80 метр қашықтықтан соққы жасады. Әуелей ұшқан доп қарсыластар қақпасынан бір-ақ шықты.