Испандық сәулетші Астанадағы бульварды күмбездің астына алу тұжырымдамасын пысықтап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемде өзіндік футуристік құрылыстарымен танымал испандық сәулетші Сантьяго Калатрава Вальс «Нұр жол» желек жолының үстіне әйнектен күмбез тұрғызу тұжырымдамасы бойынша жұмысын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде талқыланып жатқан «Нұр жол» бульварының тақырыбын әлемге танымал сәулетші Калатрава қарастырып жатыр. Осы орайда оның тиісті ұсынысын күтіп отырмыз. Атап айтқанда, бүгінде әлем елдері оның туындыларына қол жеткізуге тырысып жүр. Қазіргі кезде ол тұжырымдаманы пысықтау үстінде. «Нұрлы жол» бульварының іргетасы болашақта екінші-үшінші қабатты салу мүмкіндігін ескере отырып қаланған. Бұл тұрғыда іргелес орналасқан нысандарды әйнек дәлізбен жалғау ескеріліп отыр», - Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы Бақтыбай Тайталиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол жақын арада Астанада қазіргі заманғы стильдегі велосипед-жаяу жүргіншілер көпірінің, Қабанбай батыр даңғылы бойынша Жекпе-жек сарайының құрылысы жоспарланғанын атап өтті.

Белгілі болғандай, биыл қалада 2 миллион 200 мың шаршы метр көлемінде тұрғын үй салынады деп күтілуде.