Испандық ұзындыққа секірушінің денесі ата-анасының үйінен табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері испандық Яго Ламела ата-анасының үйінде өлі күйінде табылды, деп жазады Росбалт.

La Nueva Espana хабарлағандай, 36 жасар спортшының денесін досы тауып алыпты. Оның өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, 1999 жылы Севильяда өткен әлем біріншілігінде спортшы кубалық қарсыласы Иван Педросоға жол беріп, күміс медаль еншілеген болатын. Араға 4 жыл салып Парижде қоржынына қола медальді қосқан.