El País газетінің мәліметінше, жолаушылардың жеке басын және азаматтығын растайтын құжаттары тексеріледі. Бұл шекараны толық жабуды білдірмейді, тек ішінара бақылау енгізіледі.
Мұндай шара Испанияның Сеута автономиялық қаласында жақында болған миграциялық дағдарысқа байланысты қабылданып отыр. Шілде айының соңында ондаған мың заңсыз мигрант Марокко аумағынан Сеутаға теңіз арқылы жүзіп немесе толқын тосқауылын жаяу айналып өтіп кірген.
Қауіпсіздікті күшейту үшін Сеутаға әскери қызметшілер жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, келген мигранттардың басым бөлігі кейін Мароккоға қайтарылған.
Сеутадағы оқиғалардан кейін Италия Испанияға қатысты Шенген келісімінің қолданылуын уақытша тоқтатты. Испания Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді негізсіз деп атады.
Айта кетейік, Испания Сеутадағы миграциялық дағдарыс құрбандары туралы жаңа мәлімет жариялады.