Испания ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы мал өнімдерін жеткізу мәселелерін талқылау үшін Астанаға аттанды

None
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Иордания Хашимит Корольдігінің Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринария департаментінің директоры Мунзер Әл-Рифай бастаған делегация Қазақстанның мал шаруашылығы өнімдерін Таяу Шығысқа жеткізу саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін Астанаға аттанды, деп хабарлады Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің баспасөз қызметі.

Бұл сапар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің осы жылғы сәуірдің 5-інде Иорданияда болған жұмыс сапары барысында қол жеткізілген уағдаластық ауқымында жүзеге асырылуда.