Испания азаматтардың некеге тұру жас мөлшерін өзгертті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда сәрсенбі күні «Ерікті юрисдикция туралы» Заң қабылдануына байланысты азаматтардың некеге тұру жас мөлшері 16 жас деп өзгертілді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Испанияның Азаматтық кодексі бойынша бұған дейін 14 жасқа толған елдің азаматтары судьяның рұқсатымен заңды некеге тұра алатын болған. Бұл тәжірибе бойынша соңғы жылдары некеге тұрушылар саны азайған. Нақтырақ айтқанда, былтыр 14 жасқа толған азаматтар арасында тек 5 неке ғана тіркелген. Ал, 1975 жылдан бері 16 жастан төмен азаматтар арасында барлығы 28 690 неке қиылды. Жаңа заңда жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа күштеп көндірудің алдын алу қарастырылған. Айта кету керек, Испанияда бүкіл Еуроодақ елдері арасында азаматтардың некеге тұру жасы ең төмен болып келген.