Испания Еуропа чемпионатында 4 мәрте жеңімпаз атанған алғашқы құрама атанды

Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM - Испания футболдан Еуропа чемпионатында 4 мәрте жеңімпаз атанған алғашқы құрама болып отыр.

Аталған құрама бұған дейін 1964, 2008, 2012 жылдарда құрлықтық додада жеңімпаз болған еді. Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін барлығы 10 құрама құрлықтық додада алтыннан алқа тақты.

Қазірге дейін Испания - 4 (1964, 2008, 2012, 2024), Германия -3 (1972, 1980, 1996), Италия - 2 (1968, 2020), Франция - 2 (1984, 2000), Португалия -1 (2016), Грекия -1 (2004), Дания -1 (1992), Нидерланд -1 (1988), Чехословакия -1 (1976), КСРО -1 (1960) жеңіс тұғырына көтерілді.

Айта кетсек, Испания құрамасы 14 шілдеде финалда Англияны 2:1 есебімен сүріндірді.

Кездесуде олардың қатарынан Нико Уильямс 47, Микель Оярсабаль 86-минутта мергендік танытса, оған 73-минутта Англия сапынан Коул Палмер бір голмен жауап қайырды.

B тобында сынға түскен Испания құрамасы Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.

Одан кейін 1/8 финалда Грузияны 4:1, одан кейін Германияны қосымша кезеңде, Францияны негізгі кезеңде 2:1 есебімен сүріндірді.