Испания - футболдан әлем чемпионы
09:45, 12 Шілде 2010
АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Испания Оңтүстік Африка Республикасында өткен футболдан 19-шы әлем чемпионы атағын иеленді.
Жексенбі күні төрткүл дүние назарын өзіне аударған футболдан әлем чемпионатының ақтық бәсекесінде Голландия құрамасын 1:0 есебімен ұтқан испандықтар алғаш рет әлем чемпионы болып отыр. Негізгі бөлімде қос команда да тамаша ойын өрнегін көрсеткенімен есеп аша алмады. Ойынның қосалқы бөлігі де шиеленісіп басталғанымен екі команда да гол соғуға болатын бірнеше мүмкіндікті жіберіп алды. Алайда матчтың аяқталуына санаулы уақыттар қалғанда Франсеск Фабрегас әдемі пас шығарып, ұрымтал тұста тұрған Андрес Иньеста допты қақпаға бағыттады, есеп, 1:0.
Осылайша, тұңғыш рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған, жалпы 2008 жылғы Еуропаның мықты командасы атанған Испания құрамасы 1950 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионы атағын иеленді.