Жанкүйерлер Испания және Германия кездесуін асыға күтті. Әлемнің үздік құрамалары тартысты ойын өткізетіні белгілі еді.
Ойын барысында құрамалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Соған қарамастан бірінші кезеңде есепке өзгеріс енген жоқ.
Екінші кезеңде 51-минутта испаниялық Дани Ольмо есеп ашып кетті. Бұдан кейін германиялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Дегенмен гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.
Ал 89-минутта германиялық Флориан Вирц таразы басын теңестірді.
Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты.
Ойынның 119-минутында испаниялық Микель Мерин жеңіс голын соқты.
Осылайша Испания қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жартылай финалға берілген алғашқы жолдамаға ие болды.
Енді сағат 00.00-де тағы бір ширек финалда Португалия мен Франция құрамалары ойнайды.
Ал 6 шілдеде Англия мен Швейцария, Нидерланд пен Түркия кездеседі.