Испания қаласының орталығына мыңдаған қой басып кірді
20:53, 08 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның солтүстік-шығысындағы Уэска қаласына мыңнан астам қой басып кірді.
Сәрсенбі, 8 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:30-да құтқарушылар қызметіне тұрғындарды бірі хабарласты. Ол қойлардың қала орталығына басып кіргенін хабарлады. Полиция отарды қоршап, жануарлардың қашып кеткенін түсінбей қалған бақташыға қарай кері айдады. Іс-қимылдарды жүргізуге үш сағаттай уақыт кеткен. Полиция қызметкерлері «ұстаудың» мән-жайларымен Фэйсбуктегі парақшада бөлісті.
Қойлар Пиреней тауларындағы жайылымнан сейсенбі, 7 маусым күні, бақташы ұйықтап қалған кезде қашып кеткені анықталды.