Испания Корольдігі Қазақстан азаматын еліне экстрадициялады

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Испания Корольдігінің билігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті іздеу жариялаған Келес Мұхтарұлы Мәмбетовті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады. .

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Астана қаласында қасақана кісі өлтіргені үшін айыпталушы К. Мәмбетов Испания аумағында ұсталып, Мадрид қаласы сотының шешімі бойынша 12-ші қарашада Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта К. Мамбетов Астана қаласының тергеу абақтысына жабылды, іс бойынша алдын-ала тергеу жүргізілуде.