Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Испания Королі VI Фелипенің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдағанын хабарлады.

Фото: Ақорда

Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.

- Испания Королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді, - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы тоғыз елдің жаңа елшісіне Қазақстанның бейбіт саясат ұстанымын таныстырды.