АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасының Коста-Риканы 7:0 есебімен жеңгендігі дүбірлі дода тарихында бесінші мәрте тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Е тобында сынға түсіп жатқан Испания алғашқы кездесуінде Коста-Риканы 7:0 есебімен жеңді. Бұл - әзірге 2022 жылғы әлем чемпионатындағы рекордтық көрсеткіш. Алайда, ол рекордты жаңарта алған жоқ.
1954 жылы Венгрия Оңтүстік Кореяны, Югославия Заирды (Конго Демократиялық Республикасы) 9:0 есебімен тас-талқан етсе, 1982 жылы Венгрия футболшылары Сальвадорды 10:1 есебімен жеңді.
Әлем чемпионатындағы тарихындағы ірі жеңістер төмендегіше:
1938. Швеция - Куба 8:0
1950. Уругвай - Боливия 8:0
1954. Венгрия - Оңтүстік Корея 9:0
1954. Уругвай - Шотландия 7:0
1954. Түркия - Оңтүстік Корея 7:0
1974. Югославия - Заир 9:0
1974. Польша - Гаити – 7:0
1982. Венгрия - Сальвадор 10:1
2002. Германия - Сауд Арабиясы 8:0
2010. Португалия - Солтүстік Корея 7:0
Қатардағы әлем чемпионаты 20 қарашада басталды. Ол 19 желтоқсанда мәресіне жетеді.
Фото: twitter.com/sefutbol
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.