Испания мен Португалия электр жарығынсыз қалды

Фото: Фото: Максат Шагырбаев/ Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM — Испания мен Португалияда электр қуаты жаппай үзіліп жатыр. Теміржол және жол қатынасы үзілді, бағдаршамдар да істен шықты. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, деп жазады Еuronews

Endesa және Iberdrola компаниялары Испания уақытымен түстен кейін болған ауқымды электр қуатын өшіру себептерін анықтап жатыр. Бұл Испанияға, Португалияға және Франция мен Андорраның кейбір аймақтарына әсер етті.

Миллиондаған адам электр қуатынсыз қалды.

Испания үкіметі шұғыл жиналыс өткізіп жатыр.

Еуропадағы ең ірі әуежайлардың бірі — Мадрид Барахасы электр қуатынсыз қалды. Келген рейстердің жолаушылары ұшақта күтуге мәжбүр, деп жазды саяхатшылардың бірі.

Мәліметтерге сәйкес, Канар аралдарында, Сеутте және Мелильеде электр қуатымен проблема жоқ.

Euronews мәліметінше Португалия, электр қуатының үзілуі ел тұрғындарын таңқалдырды, жүздеген жолаушы Лиссабон мен Мадридтегі метро туннельдерінде, сондай-ақ электр қуаты жоқ басқа қалаларда бұғатталды.

Ауруханалар генераторларда жұмыс істеп жатыр.

Испандық БАҚ Францияның оңтүстік-батысындағы өрт Перпиньян мен Шығыс Нарбонна арасындағы жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірді деп жазады. 

Айта кетелік Испанияның 50 қаласында тұрғын үй дағдарысына қарсы демонстрациялар өткен еді