Испания орман өртінен зардап шеккен аймақтарды төтенше жағдай аумағы деп жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM — Испания үкіметі орман өрттерінен зардап шеккен өңірлерді төтенше жағдай салдарынан елеулі зардап шеккен аймақтар деп жариялайды. Бұл туралы ел премьер-министрі Педро Санчес журналистерге мәлімдеді, деп ТАСС хабарлады.

Фото: Анадолы

Премьер-министрдің айтуынша, Мадрид автономиялық қауымдастығында, сондай-ақ Авила және Толедо провинцияларындағы өрттерді оқшаулау жағдайы оң бағытта дамып келеді.

Оның сөзінше, келесі аптада өрттен зардап шеккен аумақтарды азаматтық қорғау саласындағы төтенше жағдайдан қатты зардап шеккен аймақтар ретінде жіктейтін арнайы қаулы қабылданады.

Испанияның бірнеше өңірінде орман өрттері шыққан. Солардың ішіндегі ең ірісі Мадрид автономиялық қауымдастығы мен оған қарасты аумақта өршіп отыр. Өрт шарпыған жалпы аумақ 45 мың гектардан асты. Қазіргі уақытта оны толық оқшаулау мүмкін болмай отыр.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Айта кетейік, Испанияда Мадрид маңы мен Авила провинциясында орман өрттері әлі де өршіп тұр. Ел үкіметі екі өңірдегі ахуалға байланысты ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай режимін енгізді. Қауіпті аймақтардан шамамен 100 мың адам эвакуацияланды.