«Бортында тоғыз экипаж мүшесі бар Nazmuye Ana кемесі Кастельон портында контейнерлерді тиеу кезінде аударылған», - делінген хабарламада. Салдарынан үш азамат зардап шекті, олардың екеуі – Испания азаматтары. Одан бөлек, із-түзсіз жоғалған екі адам іздестірілуде.
Кеменің аударылу себебі анықталуда.
EFE агенттігінің дерегінше, кеме панамалық тумен жүрген.