Бұл шешімге дейін Санчес бастаған азшылық үкімет тұрғын үй нарығындағы дағдарысты еңсеруге бағытталған екі заң жобасы бойынша дауыс беруде жеңіліс тапқан. Бұған қоса, елдің әр өңірінде жалдау ақысының қымбаттауы мен тұрғын үй тапшылығына қарсы жаппай наразылық акциялары өтті.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Мадридтің өзінде «Тұрғын үйсіз бірде-бір адам, адамсыз бірде-бір баспана болмасын» деген ұранмен шамамен 500 мың адам көшеге шыққан.
Соңғы уақытта Санчес Сеутадағы дағдарысқа байланысты да қысымға ұшырады. Оппозиция оның үкіметін Испанияның осы эксклавына мигранттардың жаппай ағылуы туралы ескертулерді елемеді деп айыптады.
Санчес 2018 жылы премьер-министр қызметіне келді. Ол сайлауда жеңіске жету арқылы емес, сол кездегі консервативті премьер-министр Мариано Рахойға қарсы сенімсіздік вотумын сәтті өткізудің нәтижесінде үкімет басына келді. Халықтық партия төңірегіндегі жемқорлық дауына байланысты Санчес солшыл және өңірлік партиялардың қолдауымен үкімет құрды. Ол кезде оның Социалистік партиясы (PSOE) парламенттегі саны жағынан екінші фракция болатын.
Еске сала кетейік, сенбі күні Испанияның ондаған қаласында биліктен халыққа қолжетімді баспана мәселесін шешуді талап еткен жаппай наразылық акциялары өтті.