Атап айтқанда, Испания Ішкі жалпы өнімі шілдеден бастап қыркүйек аралығында 0,1 пайызға жоғарылаған екен. Өткен аптада осы елдің ІЖӨ өсімін Орталық банк те растаған болатын.
Ұлттық статистикалық агенттігінің мәліметі бойынша, экономика өсіміне экспорт көлемінің артуы, сондай-ақ Африка мен Таяу Шығыстағы қолайсыз ахуалға байланысты туристік саладағы серпіліс әсер еткен.
Испания экономикасы 2008 жылы несиелік дағдарыс елдің құрылыс саласын құлдыратқаннан кейін елеулі қиындықтарды сезінген еді.
Бұл мемлекеттегі жұмыссыздық деңгейі 26 пайызға жетіп, осы жағынан Еуропадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі ретінде тіркелді.