Ведомстводағы дереккөздердің түсіндіруінше, қабылданған шешім Каталония астанасына жүйеге қарсы қозғалыстардың бірқатар жақтаушыларының келуіне бөгет жасау мақсатында шекаралық бақылау енгізуді білдіреді, өйткені олар 3 мамырда көшеде тәртіпсіздік әрекеттеріне баруы мүмкін. «Біз Барселонаға, әсіресе Италия мен Грекиядан бақылауға мүмкіндік бермейтін элементтер келуі ықтимал деген мәлімет алып отырмыз», - деп түсіндірді министрлікте.
Испанияда Шенген келісімінің күші осымен екінші рет тоқтатылып отыр. Алғашқы рет 2004 жылы мұрагер ханзада Филипенің некеге отыруымен байланысты Мадрид осындай қадамға барған болатын.