Испания Үкіметі түсік жасату заңнамасын қатайтпақ
09:37, 22 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - Испания Үкіметі түсік жасату заңнамасын қатайту бойынша ұсынысты қолдады. Ал бұл шараның қарсыластары наразылық акциясын өткізбек.
Заңның жаңа редакциясына сәйкес, жүктілікті қолдан үзуге әйелдер құқылы болмайды. Атап айтқанда, енді зорлық-зомбылық жағдайында немесе ананың денсаулығына қауіп төнгенде ғана түсік жасатуға рұқсат етіледі.
«Болашақ баланың өмірі тек анасының шешіміне ғана байланысты болуына жол бере алмаймыз», - деді Испания әділет министрі Альберто Руис-Гальярдон.
ВВС-дің жазуынша, қазіргі қолданыстағы заңның нормалары жүктілік мерзімі 14 аптадан аз болған жағдайда әйелдерге түсік жасатуға рұқсат береді. Егер де эмбрионалдық кемшіліктер байқалса, онда бұл мерзім 22 аптаға дейін ұзартылады.
Министрлер кабинетінің ұсынысы алдағы айларда Испанияның Парламентінде қаралады.