Испанияның ұлттық мерекесі - Испан ұлтының күніне орай өткен салтанатты іс-шараларға, әскери парадқа және Испания Королі Хуан Карлос І-нің атынан ұйымдастырылған қабылдауға қатысты. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Қабылдау аясында Б.Дүйсенбаев Испания басшылығы - Король Хуан Карлоспен, Үкімет төрағасы М.Рахоймен және СІМ басшысы Х.Гарсия-Маргальомен кездесті. М.Рахой келесі жылы Қазақстанға ресми сапармен баруға дайындығын құптады. Өз кезегінде Х.Гарсия-Маргальо екі ел сыртқысаясат ведомстволары басшыларының сапарларының алмасуы туралы бұрындары қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру ниетін растады.