Испания жағажайында ішінде 2,1 тонна гашиш тиелген джип табылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Азаматтық гвардиясы біреулер тастап кеткен жол талғамайтын көлікті тапты. Оның ішінде 2,1 тонна гашиш болған. Бұл туралы корольдіктің құқық қорғау органдарының өкілдері мәлім етті.

Олардың деректеріне қарағанда, Тарифа қаласының (Андалусия автономды облысы) жағажайындағы күдікті көлік мұндағы адамдардың назарын аудартты. Олар полицияны шақыртты. Оқиға орнына жеткен Азаматтық гвардия қызметкерлері құмда тұрып қалған джиптің ішінен және оның айналасынан есірткі заттарын тапқан.

Бұл автомобильді Торрокс муниципалитетінде ағымдағы жылдың шілдесінде айдап кеткені аталып өтілді.