Испанияда 35 жылдың ішінде бірінші рет корридаға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридте бірінші рет соңғы 35 жылда коррида өткізілмейтін болды. Бұқалардың жекпе-жегі олардың бірден үш матадорды жарақаттаған соң тоқтатылды.

Бәрінен де Давид Мораның ауыр жарақаттанды: бұқа мүйізін оның тап аяғына қадаған. Қазір оның жағдайы мәз емес, деп хабарлады ВВС.

Жыл сайын Испанияда екі мыңға жуық осындай жарыстар ұйымдастырылып тұрады. Корридаға қарсылар бұл спортты тұрпайы деп санайды. Сонымен бірге, бұқалар жекпе-жегіне жан-тәнімен берілген жанкүйерлер де баршылық. Солардың арасында қазіргі премьер-министр Мариано Рахой да бар. Олардың пікірінше, коррида - бұл ұлттық тарихтағы тамыры терең өнердің көне түрі.