Theolivepress.es ақпараттық порталының мәліметінше, үш метрлік жыртқыштар өздерін агрессивті ұстап, жағажайдағы адамдарға шабуыл жасамақ болған. Балғабасты акулалардың мұндай әрекетіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Әдетте жыртқыштар жағаға жақындау былай тұрсын, адамдарға шабуылдамайды екен.
Бүгінде жағалауларда акулаларды бақылап, қауіп туралы ескертетін арнайы құрылғылар орнатылған. Бақылау дрон арқылы да жүргізіледі.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Египеттегі Хургада жағалауында акула пайда болғанын жазған едік.