Испанияда «Алиса» дауылының салдарынан ондаған үй су астында қалды

Фото: AZƏRTAC

АСТАНА. KAZINFORM — «Алиса» дауылы Испанияның шығыс бөлігіне төнді. Метеорологиялық қызмет AEMET Валенсия аймағында қызыл, ал Каталония мен Балеар аралдарында қызғылт сары деңгейлі дабыл жариялады. 

Найзағай, нөсер жауын, бұршақ және дауыл тұруы мүмкін.

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, бұған дейінгі жауын-шашын салдарынан Каталониядағы Гандия мен Шерако елді мекендері арасындағы теміржол қатынасы тоқтатылды. Аймақтың әртүрлі бөліктерінде автожолдарды тазалау үшін ауыр техника тартылған.

Годалл елді мекенінде ондаған үйді су басқан. Әкімдік ғимаратының бір бөлігі қираған. Су тасқыны салдарынан ондаған автокөлікті ағынмен бірге шайылып кеткен.

— Біз екінші қабатқа көтеріліп аман қалдық. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде алаң теңізге айналды, — деді жергілікті La Vanguardia басылымына жергілікті барлардың бірінің иесі Бланка Баллестер. 

Валенсияда дауыл салдарынан жолдарда 400-ге жуық оқиға тіркелді.