Испанияда апатқа ұшыраған поездың машинисі тұтқындалды

АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат - Испания полициясы Сантьяго-де-Компостела маңында апатқа ұшыраған поездың машинисін ресми тұтқындады. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, апат салдарынан 78 адам опат болып, 160-ы жарақат алды. Машинист алған жарақатынан ауруханаға жатқызылды. Қазір оның жанына күзет қойылған.

Алдын ала мәлімет бойынша поезд аталған учаскеде рұқсат етілген көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары жылдамдықпен жүріп отырған. Испанияда аталған оқиғадан кейін үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды.