Испанияда аптап ыстықтан қаза болғандар саны 2600-ден асты
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл мәліметтерді Испаниядағы күнделікті адам өлімімен байланысты мониторинг жүйесі келтірген.
Зерттеулер көрсеткендей, 15 мамырдан бері Испанияда жоғары температурамен байланысты 2 635 адам көз жұмған. Олардың шамамен жартысы (1 149 жағдай) 3-тен 18 тамыз аралығындағы аптап ыстық толқыны кезінде қаза болған.
Канар аралдарында жаз мезгілінде 51 өлім тіркеліп, оның 15-і тамызда, 36-сы шілдеде болған.
— Жоғары температурамен баланысты өлімдердің басым көпшілігі 65 жастан асқан адамдарға (2 529 жағдай), әсіресе 75 жастан асқандарға (2 347 жағдай, оның ішінде 1 747 адам 85 жастан асқан) тиесілі, — делінген хабарламада.
Жүйе деректеріне сәйкес, қаза болғандардың ішінде 1 579-ы — әйел, ал 1 056-сы — ер адам.
Мамандардың бағалауынша, Испанияда осы жазда тіркелген 2 635 өлім жоғары температурамен байланысты, бұл өткен жылдың 15 мамырынан 30 қыркүйегіне дейінгі аралықтағы 1 856 жағдаймен салыстырғанда 40%-ға көп.
Осыған дейін Испанияда аптап ыстықтан 1060 адам қаза болғаны туралы жаздық.