Испанияда автобус апатқа ұшырап, 38 адам зардап шекті

АСТАНА. 23 маусым. ҚазАқпарат - Испанияның оңтүстік-шығысында автобус жол-көлік апатына ұшырап, салдарынан 38 адам зардап шекті.

Көлік апаты Аликанте қаласының маңында орын алған, деп хабарлады Росбалт.

БАҚ мәліметтеріне қарағанда, апат себептері әлі толық анықталмаған.

Жапа шеккендердің алтауы аса ауыр халде.