Екі тонаушы полиция келгенше тезірек іздерін жасыруға асыққаны соншалық, банк директорының сейфті ашқанын күтпей, кассадағы бар ақшаны алуға келіскен. Сөйтсе, онда 13 еуро мен ұсақ тиын ғана болған.
Ұрылар ақша салынған табақты қолына ала берген кезде тиын-тебендер еденге шашылған, қолдарына ойыншық тапанша ұстап, жұрттың үрейін ұшырып тұрған қылмыскерлер кенеттен ұсақ ақшаны жинауға кіріскен. Мұны көрген адамдар қорыққандарын ұмытып, ішек-сілелері қанқанша күле бастаған. Полицейлер тонаушыларды қылмыс орнында ұстады, енді оларды сот күтіп тұр, деп жазады "Эль Мундо" газеті.