Топ-топ сиырлар Кальво Сотело даңғылымен жүрген кезінде олардың бірі кенеттен көше қапталына қарай ұмтылған. Салдарынан сегіз ересек адам және бір бала оның тұяғының астында қалды. Бәрі де жарақаттанған.
Қала басшылығы қауіпсіздік шараларының жеткілікті болмағанын мойындады және болашақта қырағылықты күшейтуге уәде етті. Дегенмен бұл арада жұртшылықтың да бейқамдығын айта кеткен орынды. Кейбірі сиырлардың арасына кіріп кетіп суретке түспекке әрекетенген, ал екіншілері мүйіздерінен ұстап көруге тырысқан.