Испанияда бұқа матадорды сүзіп өлтірді
07:32, 10 Шілде 2016
АСТАНА.ҚазАқпарат - Сенбі күні Испаниядағы Теруэль қаласында кәсіби тореадор Виктор Баррионы бұқа сүзіп өлтірді. Бұл туралы жексенбіде "Би-Би-Си" хабарлады.
Бұқа 29 жастағы матадорды испандық Теруэль қаласында ойын көрсету кезінде сүзген, оның мүйіздері Барррионың кеудесіне кіріп кеткен.
По данным El Pais, мәліметтеріне қарағанда, 20 ғасырда Испанияда 134 адамның ажалы бұқалардан болған, олардың ішінде 33-і- матадор.