Испанияда бұқалар қатыстырылатын сауықтар орнын алып доптардан қашу ойыны басуда
Енді көңіл көтеру шаралары кезінде салмағы 125 келі және диаметрі 3 м болатын алып доптармен ойнау ұсынылады. Сан-Бартоломе фестивалі кезінде олар қала көшелерінде домалатылады, ал ерекше әсер алғысы келетіндер алып доптан қашып көңіл көтереді. Бұқа ойындарынан бас тартуға бірнеше себеп бар: біріншіден, оған экологтар наразылық танытса, екіншіден, экономикалық қиындықтар да өз әсерін тигізуде, деп хабарлады Euromag. Бұл тәжірибе жануарлардың құқығы үшін күресетін РЕТА дүниежүзілік ұйымымен табысты деп танылды. Ұйым осы бастаманы елде кеңінен таратуды ұсынды. Экологтар Испания мен Португалия қалаларында жануарлар пайдаланылатын көңіл көтеру ойын-сауықтарын тию үшін алып доптардың қаржысын төлеуге дайын. Айта кетерлігі, бұқалар ойындары доптарға ауыстырылғанымен, туристер үшін мұндай көңіл көтеру ойындары өз қауіптілігін жоймады.