Испанияда доңыз тұмауынан бір әйел қайтыс болды

МАРИД. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат - Испанияда доңыз тұмауынан A(H1N1) әйел қайтыс болды - бұл осы аурудан адам шығыны болған елдегі алғашқы оқиға,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша екі қабат 19 жасар қыз тұмау құрбаны болған. Вирус жұқтырған оған дәрігерлер операция жасап баланы аман-есен босандырып алғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін көз жұмды.