Мыңдаған адам түнді Мадридтің Пуэрта дель Соль орталық алаңында көз ілмей өткізді, деп хабарлайды Euronews агенттігі.
Дайындалып жатқан наразылық акциясы туралы хабарлар мен оның нақты өткізілетін орнын ұйымдастырушылар алдын ала әлеуметтік сайттарға орналастырып, құлақтандырған.
5 күннен кейін Испанияда жергілікті органдардың сайлауы өтеді. Халықтың үкіметтің саясатына наразылығы биліктегі социалистердің күйрей жеңілуіне алып келуі мүмкін.