Қолөнер туындыларының жалпы құны 30 миллион еуроға бағаланып отыр. Аталған қылмыс түрі Испанияда соңғы 10 жыл ішінде жасалған үлкен ұрлық ретінде тіркелді.
Тергеу барысында қылмыстың осыдан тоғыз ай бұрын жасалғаны белгілі болды. Алайда суретші мұны байқамаған. Тергеушілердің айтуынша, қылмыскерлер қолөнер туындыларын үйде ешкім жоқ уақытта қолды қылған. Бүгінде құнды картиналар Испания және одан тыс елдерде де іздестіріліп жатыр, деп жазады 24.kz.