Оқиға салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, бесеуі ауыр жарақат алды.
Жарылыстың даусы 50 шақырым жерге дейін естілген. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларда өрт бірнеше шақырым қашықтықтан көрініп тұр.
Таррагона – Испанияның солтүстік-шығысында орналасқан Каталония автономдық қоғамдастығындағы порттық қала. Мұнда 800 мың адам тұрады. 2015 жылдан бастап мұнда 1200 гектар аумақты алып жатқан өнеркәсіп кластері жұмыс істеп келеді.
Авторы Тимур Дүйсекеев