The Daily Mail хабарлағандай, өзге қатысушылар жануардың назарын аудармақ болған, алайда өгіз ер адамды бірнеше рет сүзген.
Жапа шеккен адам аяғынан тік тұруға тырысып, біреудің көмегімен шабуыл жасалған жерден сытылып та шыққан көрінеді. Дегенмен дәрігерлер өмірін сақтап қалуға қаншама әрекет жасағанымен ажалға араша түсе алмады. Ол ауруханада көз жұмды.
Азаматтың өлімінен кейін жергілікті билік апталық фестивальді уақытша тоқтатты.