Испанияда орман өртеніп, 800-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді
22:45, 27 Шілде 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның солтүстік-шығысында Каталония автономиялық облысында орман өрті орын алып, 800-ге жуық адам эвакуацияланды.
Билік мұны осы жылғы ең ірі өрт деп атады: жалын мыңнан астам орман мен ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді шарпыды. Дүйсенбіде Барселона батысына қарай 67 шақырым қашықтықта Оден муниципалитетінде кезекті өрт орын алды. Ауа райының жақсарғанына қарамастан өрт сөндірушілер әлі де жағдайды бақылауға ала алмауда. Тілсіз жаумен 22 тікұшақ арпалысуда. Зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Бұдан бұрын орман өрттері Испанияның Андалусия, Астурия, Галисия қалаларында тіркелген.