Испанияның оңтүстігінде кемінде ондаған адамның өмірін қиған алапат орман өрті ауыздықталды. Осыған байланысты Альмерия провинциясынан эвакуацияланған жүздеген тұрғын үйлеріне қайтып жатыр. Бейсенбіден бері жалғасқан өрт шамамен 7 мың гектар аумақты шарпыды, ал өрт шебінің ұзындығы 40 шақырымнан асты.
Сенбі күні кешке өңірлік денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Антонио Санс 600-ден астам адамның үйлеріне оралғанын мәлімдеді. Эвакуацияланған шамамен 1,5 мың адамның қалған бөлігі қонақүйлер мен жалдамалы баспаналарда кемінде тағы бір тәулік болады. Оларды орналастыру шығындарын Мадрид өз мойнына алған.
Дүйсенбі күні Альмерияға Испания премьер-министрі Педро Санчес келеді деп жоспарланған.
Сонымен қатар, өңірде өрт басталғалы бері туыстары байланысқа шыға алмаған 23 адамды іздеу жалғасып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аптап ыстық кезінде электр беру желісінің үзілуінен шыққан. Жалынды тек сенбі күні ауа райы жақсарғаннан кейін ғана тұрақтандыру мүмкін болды.
Бұған дейін хабарланғандай, Испаниядағы орман өртінен 12 адам қаза тапты.