Испанияда өткен парламенттік сайлауда басқарушы партия жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда жексенбі күні парламенттік сайлау өтті. Оған 13 партиямен қатар бірлестіктер қатысып, нәтижесінде басқарушы премьер-министр Мариано Рахояның Халықтық партиясы жеңіске жетті.

Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Халықтық партия 350 орындық парламенттен 114-тен 124 орынға дейін алады. Оппозициялық социалистік партия екінші орын алды (79-85 мандат иеленді). Солшыл радикалды Podemos партиясы - үшінші орында (70-80 мандат иеленді).