Дауыс беруге 36 миллионнан астам адам құқылы. Испанияның өзінде және шетелдерде 23 мыңға жуық сайлау бөлімшесі ашылған. Қауіпсіздікті 93 мың күштік құрылым өкілдері қамтамасыз етіп жүр. Саяси доданы өткізуге мемлекеттік бюджеттен 130 миллион еуро бөлінген. Күні бұрын жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша сайлауда Ұлттық партия жеңіске жетуі мүмкін.