Мән-жайдың осылай анықталуына музыканттың үйінен төменгі қабатта тұратын көршілерінен түскен шағым себеп болған. Олар пианистің музыкалық аспапта тым қатты ойнап, шулайтынына, одан оларға психологиялық зиян тиетінін айтқан.
Көрші әйел пианиноға деген өшінің соншалықты екендігін, тіпті осы аспаптың қасында тұра алмайтынын, ал оны кинодан көргенде ол оның жиіркеніш сезімін тудыратынын айтқан. Сөзіне қарағанда, ол осымен 4 жыл бойы музыкалық аспаптың зардабын тартып келеді екен.
Пианист қыздан фортепианоны 6 айға алып қою талап етіліп отыр. Одан басқа, қыздан айыппұл өндіріп алмақшы. Аталған іс бойыша сот шешімі екі аптаның ішінде шығарылады.