Бұған дейін 20 адамның опат болғаны хабарланған болатын.
Апат Сантьяго-де-Компостела қаласының маңында орын алған. Жергілікті БАҚ-тың ақпарына сүйенсек, болжам бойынша жолаушылар пойызы жолдың шұғыл бұрылысында рельстен шығып кеткен көрінеді. Жергілікті тұрғындар апатқа дейін жарылыстың болғанын естіген.
Барлық вагондар рельстерден шығып кеткен, соңғысы күл-талқан болған. Пойызда 240 жолаушы отырған. Апат орнында шұғыл қызмет мамандары жұмыс істеуде. Осы учаскеде пойыздар қозғалысына әзірге шектеу қойылды.