Испанияда сақырауқұлақ фестивалі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның Сарагоса провинциясында кеше, 25 қазанда саңырауқұлақтар фестивалі басталды. Ол 16 қарашаға дейін созылады.

11-інші рет өтіп жатқан бұл мерекелік шарада саңырауқұлақ жинаушыларды Сан-Мартин-де-ла-Вирхен-де-Монкайо және Аньон-де-Монкайо муниципалитеттерінде күтеді. Фестивальдің мақсаты - адамдарға сақырауқұлақ жинауға мүмкіндік туғызу және одан жасалған тағамдардан дәм тату ғана емес, экологиялық сауаттандыруға баса көңіл бөлу. Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, орманды аялай білу, ал сақырауқұлақты жауапкершілікпен жинау қажет.

Бағдарлама бойынша, саңырауқұлақ теруге балалар мен ересектер топтарын құру, саңырауқұлақтан жергілікті мейрамханаларда дайындалған тамақты тегін беруді ұйымдастыру қарастырылып отыр.

Фестиваль кезінде жергілікті өнімдер базары және сақырауқұлақтар көрмесі жұмыс істейді. Көптеген мейрамханалар арзан бағалы саңырауқұлақ мәзірін ұсынады.