Испанияда студенттер отырған автобус жол апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияда солтүстік-шығыстағы Каталония провинциясындағы басты магистральдің біріндегі ірі жол апаты салдарынан адамдар жарақаттанып, қаза тапты.

Жергілікті үкіметтің хабарлауынша, жексенбі күні таңертең ішінде шамамен 50 жолаушысы бар автобус Валенсия мен Барселона арасындағы AP7 жолында апатқа ұшырады, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі.

Оқиға орнына құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары жөнелтілді.

Үкіметтің мәлімдемесінде жапа шеккендердің саны аталмады. Франс пресс агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасай отырып 14 адам ажал құшқаны туралы хабарлады.

Автобуста Валенсиядағы фейерверк фестивалінен қайта оралған бір топ студент отырған.