Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Тікұшақ Педрера муниципалитеті аумағында жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де құлаған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, медициналық қызметкерлер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп жетті. Келеңсіз жағдайдың себептері әзірге белгісіз.