Испанияда толассыз нөсер жауып жатыр

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат Қыркүйек айы Испанияға нөсер жауын алып келді. Толассыз жауған нөсердің салдарынан елдің шығысында су тасқыны орын алды. Ондаған қаланы су басып қалды, жолдар - әсіресе еңістерде орналасқан жолдар судың астында қалды,

деп  хабарлайды  РТР-Вести.Ru    басылымы.

Метеорологтардың   мәліметтері  бойынша,    жағдай  жақын  күндері    ушықпаса,  жақсара қоймайды.     Жергілікті  өкімет   тұрғындарды  ағымдағы аптада   жаңа нөсер  күтіп тұрғаны  жайлы ескертуде.     Испанияның      жағалаудағы аудандарында   теңіз  дауылы  туралы ескерту  жарияланып  отыр.