Испанияда «үйрек лақтыру» мерекесі өткізілмейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталонияның Росас қаласындағы ерекше мереке өткізілмейтін болды. The Local басылымының жазуынша, фестиваль кезінде біреу қайықта тұрып құсты теңізге лақтырады, ал судағылар жүзіп жүргендер оны ұстап алып жағаға шығаруы керек.

Росас қаласында жыл сайынғы тамыз айындағы үйрек фестивалі 97 жылдан бері үзіліссіз өткізіліп келеді. Соңғы жылдары жануарларды қорғаушылар оны өткізуге қарсы шықты. Биылдан бастап мереке өткізілмейді. Өйткені жергілікті билік оған тыйым салды. Өйткені былтырғы шара кезінде жанжал шыққан еді. «Үйрек аулаушылардың» бірі шараның өткізілуіне қарсы шығып жүрген жануарларды қорғаушыға қол жұмсаған.

Қалалық кеңес дәстүрлі мерекеге тыйым салуды талқылады. Оны өткізуді құптағандар бір дауыс жетпей жеңілді.

Қала мэрі Монтсе Миндан «Заман өзгерді, халық басқа жолмен келеді», деп мәлімдеді. Сонымен қатар, қалалық кеңес жыл сайын өтетін бұқалардан қашу шарасына да тыйым салып отыр.